Теміртауда бір жұмысшы құлаған қабырғаның астында қалып жарақаттану салдарынан көз жұмды


Теміртаудағы №2 көмір фабрикасының әкімшілік-тұрмыстық кешені ғимаратының жертөлесінде қоқыс жинап жүрген жұмысшының үстіне қабырғаның бір бөлігі құлады. Құлаған қабырғаға жаншылып жарақат алған әлгі адам оқиға орнында мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.