Шақалақ құндақталып, сөмкеге салыныпты. Бірден ауруханаға жеткізіліп, полицияға хабар берілді. Туылғанына шамамен 3 күндей болған сәбидің салмағы 3 келіге жуықтайды, денсаулығында айтарлықтай ақау жоқ дейді дәрігерлер. Бірақ сәби сол үш тәуліктен бері мүлдем ауызданбаса керек, сүт соруға да шамасы келмепті. Сондықтан оны жасанды аппараттың көмегімен коректендіріп жатыр.
Лариса Карпова, дәрігер-неонатолог:
- Баланың үйде туылғаны көрініп тұр. Өйткені кесілген кіндігі шүберекпен байланыпты. Аздап суық өткені болмаса, жарақаты жоқ.