Теміртауда майданда болған әйелдер туралы тың ақпарат шықты

Қан кешіп, от пен суға еркек кіндікпен қатар түсу сол жылдары қаншалықты ауыр болса, ел басына туған күнде  әйел де жанын аямағаны әмбеге аян. Көрмедегі мағлұматтар соғыс жылдарында майданға алынған және тыл жұмыстарына кіріскен нәзік жандылар туралы үздік-создық сыр шертеді.

-Сұрапыл соғыс жылдарында әйел заты қан майдан мен қазақ даласында да ерен ерлік көрсетті. Ұрыс алаңында жаумен арпалысып, ерлікпен қаза тапқандарын былай қойғанда, тылда еңбек еткендері де аз құқай көрген жоқ. Оған дәлел  - мұражайда жиналған мына тарихи құжаттар, фотосуреттер мен көздің жасымен жазылған хаттар куә болады.

Мына хаттың иесі Алевтина Баранова немістердің қоршауында қалғанда мектеп жасында екен. Ер азаматтар баудай түскенде, қаршадай қыз госпитальдағы жаралыларды сүйреткеннен сіңірім үзілердей болатын дейді.

Алевтина Баранова Тыл ардагері:

-Қоршауда қалған Бологое қаласын қатты бомбалады. Жер сілкінгендей жағдайда жүріп жаралыларды таситынмын. Содан мені командир өзінің қасына алып сол госпитальде жұмыста қалдым

Туа жетім қалып, 12 жасынан еңбекке араласқан Нина Сорокина сол жылдары күндіз қара жұмысқа жегілсе, түнде көз майын тауысып мына тігін мәшинесінің тебеніне үңіледі екен. Өйтпеске амал жоқ, таңға дейін тіккен қолғап, күртешелері ертеңгі астың қамы.

Нина Сорокина,  Тыл ардагері :

-Бір үзім нанға тіккендерімізді айырбастап жан сақтайтынбыз. Қазіргі жас сол бір үзім нанның қадірін білсе екен. Нанды қадірлеңдер! Соғыс біткендегі бақытты айтып жеткізе алмаймын.

Жалпы қызыл әскер қатарында соғыс жылдары 1 миллионға жуық әйел қызмет еткен. Оның көбі медицина саласында тер төксе, қару асынған қазақ қыздары да батыр атанғаны белгілі. Мәселен мынау 1782 зенитті артилериялық батереяның 10 шы және 12 ші кілең әйелдерден құралған бөлігі. 45 ші жылдың мамырында арқаны кеңге сала түскен сурет бұл. Ал мынау соғыс жылдары Қазақ метталургиялық комбинаты құрылысындағы әйелдердің тұрысы. Олар көмір өндірді, темір құйды, жер де жыртты.  Мұражайда фашистердің тұтқынындағы тозақтан оралғандар әйелдер туралы да ақпарат кездеседі. Шараға арнайы шақырылған қариялар арқа -жарқа болғанымен, күңгірт күндерді еске алғандарының көңілдері де босады.    

Loading...