Теміртауда өткен ұлттық ойын - «асық атудан» Павлодар обласының командасы жеңіске жетті

Туринрде Қарағанды, Павлодар облыстарының және Петропавл мен Қостанай қалаларының, барлығы 6 команда жарысты. Әр командада 4 адамнан болды. Жарыс асық атудың үш түрінен өтті: дәстүрлі асық, алты атар, үш табан. Нәтижесінде Павлодар облысының Баянауыл ауданының ойыншылары 1-ші орын алды. Екінші орында Павлодар қаласының командасы. Үшінші орынды Қарағанды командасы алды.

Турнир «Асығың алшы түссін!» деп аталатын болды. Бұл шараны ҚР білім және ғылым министрлігі қолдады.

«Асық ату – көшпенділердің көнеден келе жатқан ойыны, бұл ойынның ережелері ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бұл турнирді біз Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнаймыз», - деді осы шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Ұлы дала – туған өлке» қоғамдық қорының төрағасы Константин Будницкий бейсенбі күнгі турнирдің ашылуында. Оның айтуынша, шараның негізгі мақсаты – жастар арасында ұлттық ойынды дәріптеу.

Асық атуды» қой, ешкінің тізесіндегі асықтармен ойнайды. «Асықтар» қатар тізіліп қойылады. Кім де кім белгілі бір қашықтықтан асыққа дәл тигізіп, көп асықты құлатса, сол жеңімпаз деп саналады.