Теміртауда полицейлер мінген көлік жол апатына ұшырады

Қалалық ІІБ хабарлауынша, «Мерседес» көлігі жедел-тергеу бөлімі қызметкерлері мінген «УАЗ-бен» соқтығысқан.

«Ешкі зардап шеккен жоқ. Қызметтік машина біраз зақымданған. Жол апатына кінәлі жүргізуші айыбын мойындады. Ол полиция көлігін өз есебінен жөндеп беретін болды», - делінген хабарлаада.

Жол апатына себепші болған жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.