Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Twitter-де жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Экология департаменті қаланың табиғат пайдаланушыларының мәліметтерін және өндірістік кәсіпорындардың қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қоршаған ортаға түсетін лас заттарды төмендету бойынша шараларды орындауын тексереді", - деп жазды Мирзағалиев.
Оның айтуынша, нәтижелер жұртшылыққа жария етіледі.
Қара қардың видеосы Temirtau.city паблигінде Instagram желісінде жарияланды.