Теміртауда қараусыз қалған ғимарат маңынан шетел азаматының мәйіті табылды


Қалалық прокуратураның хабарлауынша, шетел азаматы қараусыз қалған ғимараттың терезесінен секіріп кеткен болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр.
"Бұл нұсқаны биіктен құлағанда болатын жарақаттар да растайды. Тәжікстандағы Рәш қаласының тұрғыны болып саналатын азаматтың мұнда нәпақа табуға келгені белгілі болды", - дейді прокуратура өкілі.
Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.