Теміртауда қаруланған жұмыссыз меткомбинат жұмысшысын тонамақ болған

«Полицияға Теміртау қаласының «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейтін 39 жасар тұрғыны шағым беріп, онда ол 9-шы маусымда 5:40-та шабуылға ұшырағанын айтыпты. Беймәлім біреу оның қолынан қол сөмкесін тартып алмақшы болып, кейін жарақаттағыш тапаншамен атып жіберген», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен жұма күні таратылған хабарда.

Полицияның хабарлауынша, «оқиға ізін суытпай» күдікті ұсталған. Ол қаланың 24 жасар жұмыссыз тұрғыны екен.

«Ол айыбын мойындады. Тіркеуде жоқ жарақаттағыш «стражник» тапаншасы алынды», - деді ведомство баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ұсталған күдікті тергеу абақтысына жатқызылды.