11 ақпан күні Теміртау медициналық колледжінің 178 студентіне қызылшаға қарсы екпе жасалған. Алайда сол күні өздерін жайсыз сезініп, тіпті естерінен танған 18 студент ауруханадан бір-ақ шықты. Дегенмен, өңірдің бас дәрігері вакцина салынған адамдардың 10-15 пайызынан осындай әсер байқалатынын жеткізіп, елді сабырға шақырған болатын. Десе де наразы болған ата-аналар дәрігерлерді жазалау туралы прокуратураға ұжымдық шағым түсірген.
Loading...