Теміртауда судья қызметіндегі жалған әрекеті үшін айыпталуда

«Судьяға күдікті ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхат тапсырылды. Оған азаматтық іс материалдарына жалған мәлімет енгізіп, жалған құжаттарды әдейі тіркеген деген күдік тағылды», деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы мәлімдеді.

Судьяның жалған әрекеті туралы азаматтық істер туралы апелляциялық алқа отырысында мәлім болды. Судьяға қатысты облыстық сот тәртіптік сипатта шара қолдану туралы жеке қаулы шағырды.

Облыстық соттың сот этикасы жөніндегі комиссия тәртіптік материалды қарастыра отырып және әрекеттік ауырлығын ескере отырып Жоғарғы сотты құлағдар етті.


Қарағанды облысының прокуратурасы азаматтық іс бойынша жеңіліс тапқан тарап өкілінен келіп түскен арыз негізінде қылмыстық іс қозғады.

Істі тексеру кезінде судья уақытша қызметінен шеттетілді.