Теміртауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан үш адам қаза тауып, төртеуі жараланды



Республика алаңында орналасқан үйдегі өрт жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болған.

"№35 пәтердегі өртті сөндірген кезде 33 және 43 жастағы екі әйелдің мәйіттері табылды. Өртенген үйдің үстіндегі №39 пәтерде 58 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды. Сонымен бірге 1 , 3 , 5 және 14 жастағы төрт бала ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өртті төтенше жағдайлар министрлігінің күштері екі сағаттың ішінде сөндірді.