Теміртауда волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтіп жатыр


Кеше жарыстың алғашқы кездесулері болды. Онда тараздықтар («ТаразТарМУ») қызылордалықтарды («Қорқыт Ата ҚМУ») 3:1 есебімен ұтты. Ал хромтаулықтар («ТНК Қазхром-2») қостанайлықтарды («КИнЭУ), теміртаулықтар («ВСМК АрселрМитал») өскемендіктерді («ШығысҚорғасынҚұрылыс-3») 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Қазір өскемендіктер тараздықтармен, қостанайлықтар қызылордалықтармен, хромтаулықтар теміртаулықтармен шеберлік байқасып жатыр.