Теміртауда жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысының Теміртау қаласында Нұра өзенінде 17 қыркүйекте сағат 11.30-да жер қазу жұмыстары кезінде жер қыртысы опырылып кетті. Соның салдарынан "Конкор" ЖШС-де істейтін 56 жастағы дәнекерлеуші үйінді астында қалып, жарақаттан ауруханада қайтыс болды.