Теміртауда жылуға таласқан тұрғындар коммуналдық қызмет өкілдерімен төбелесуге дейін барды

Тұрғындар жылуды көршілерімен бөлісуге үзілді-кесілді қарсы. Өйткені өздері де оған қарық болып отырған жоқ. Ал көршілері қыс басталғалы бері үйлерінде тіпті бүрсеңдеп отыр. Себебі оларға тартылған тармақтан жылу алатын үйлердің тым көптігінен құбырлардағы су салқындап кетеді екен. Бүгін де жұмысшылар осылайша 2 үйге келіп тұрған құбырға үшіншісін қоспақшы болған. Бірақ тұрғындар қаланы жылумен қамтымайсыңдар деп коммуналдық қызметтегілердің өздеріне шүйлікті. Ашулы жұртты сабасына полиция түсіргесін ғана жұмыстар әупірімдеп жалғасты.  

 Валерий Воздухов, Теміртау қаласының тұрғыны :

-Көрші үй қосылса, бізге жетпей қалады. Онсыз да қазір күн жылының өзінде қысымы тым аз. Ал аязда не боламыз? Жалпы Теміртаудың басым бөлігінде жылу мардымсыз. Қала әкіміне арызданамыз енді. 

Loading...