"Қаланың 4-ші ықшамауданында орналасқан №39 газ таратушы қондырғысында бекіткіш тетіктен газ шығу салдарынан өрт шыққан... Жалынның тұтануына сіріңке немесе темекі тұтандырғышы себеп болған, немесе өрт қасақана жіберілуі мүмкін", деді Kazakhstan Today комиссия жетекшісі Геннадий Клешнев.
Ал полициядағылар өрт қасақана жіберілмеген деп санайды. Қарағанды қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Валентина Ерещенконың хабарлауынша, анықтаушылардың тұжырымы бойынша жиналған газ сіріңкеден немесе темекі тұтандырғыштың ұшқынынан тұтанып кеткен. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалмайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті