«Теміртауда болған жаппай төбелеске байланысты 20 адам ұсталды, олардың бұзақылыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде»,-делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу барысында төбелеске түрткі болған Павлодардан келген екі жанкүйер екендігі анықталды. Дер кезінде тиісті шараларды қолға алған полицейлердің іс-қимылының арқасында тәртіп бұзудың одан әрі өрбуіне жол берілмеді.
Келеңсіз оқиға 14 наурызда сағат 17.00 шамасында Теміртаудағы Мұз сарайының маңында, хоккейден «Ертіс» (Павлодар) және «Арыстан» (Теміртау) командаларының арасындағы матчтан соң болған. Оны көргендер жаппай төбелесті видеоға түрісіп алған.