Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық банк мәлемітнеш, АҚШ Президенті Әкімшілігінің бірқатар саяси шешіміне байланысты жаһандық қаржы нарықтарында құбылмалылық күшейгені байқалады. Сауда шиеленісі мен протекционистік риторика күшейе берсе, жаһандық рецессия басталуы мүмкін деген нарық қатысушыларының алаңдаушылығы да арта түсті.
Нарықтар тәуекел етуге деген құлшынысты күрт сейілтіп, тәуекелді активтерді құнсыздандыру арқылы осы жағдайға реакция білдіріп жатыр. АҚШ-тағы негізгі қор индекстерінің динамикасы қазір теріс аймақта тұр. Сонымен қатар, мұнай бағасы да айтарлықтай арзандады.
"Қара алтынның" бағасы 2025 жылғы 7 сәуірдегі жағдай бойынша бір апта ішінде (31 наурыз бен 7 сәуір аралығында) 14,1 пайызға төмендеп, барреліне 65 доллардан төмен түсті. Бұл – кейінгі төрт жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Мұнай өндірісіне қойылған шектеулерді тез арада алып тастауға қатысты ОПЕК+ ұйымының бұған дейін қабылдаған шешімі және Азия елдеріне барлық мұнай маркасының бір баррелін 2,3 долларға төмендететіні туралы Сауд Арабиясының мәлімдемесі мұнай бағасына қосымша қысым түсірді. Осылайша, баға 2022 жылғы қазаннан бері айтарлықтай төмендегені айтылды", - делінген хабарламада.