Теңге әлемдегі ең әдемі банкнот деп танылды

Бұл туралы The Telegraph басылымының әлемдегі ең әдемі банкноттардың рейтингісін жариялау кезінде белгілі болды. Әлем бойынша 15 банкнот кірген рейтингте Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге көш бастап тұр. Таңдау таудағы  қар барысы бейнеленген 10 мың теңгелік купюраға түскен.

Рейтингте 2-орында Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық ақша бірлігі - оңтүстікафрикалық рэнд тұр. Ал 3-орынды жаңазеландиялық доллар алған.