«Кешегі теңге бағамын түзету шарасы мүлтіксіз өткендігіне барлығын сендіргім келеді. Тіпті, Ұлттық банк қызметкерлерінің барлығы бірдей білген жоқ. Сондай-ақ Қазақстанның барша азаматтары сияқты теңге бағамының түзетілуін сезінді. Тек шешім қабылдаған шағын мамандар тобы ғана білді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, шешімді құрамына Ұлттық банктің жетекші сарапшылары мен ақша-несие саясаты жөніндегі мамандар кірген коллегиялық институт арқылы қабылданған.
«ҚР Ұлттық банкінің төрағасы ретінде шешім қабылдау үшін мен толығымен саяси жауапкершілікті мойныма жүктеймін», - деді Қ.Келімбетов.