Теңге сәл де болса күшейіп келеді

Тіпті, Қазақстан қор нарығының таңертеңгілік сессиясында 370 теңгемен саудаланған АҚШ валютасы артынша 373 теңгеге тұрақтаған. Дегенмен, түске қарай аздап көтеріліп, 376-378 теңгенің айналасында сатылып жатыр. Әлемдік мұнай бағасының оңала бастауы да теңге тағдырына оң әсерін тигізіпті. Айта кетейік, қара алтынның құны 10 пайызға қымбаттаған болатын. Содан бері төл ақшамыздың да жағдайы тәуірлей бастады. 

Loading...