Бұл туралы «Жоғарғы экономика мектебі» ҒЗУ «Даму орталығы» институтының мамандары мәлімдеді.
«РФ-дағы дағдарыс пен мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасының даму қарқыны бәсеңдеген кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Проблемалы несиелер қоры нақты жұмыс істемейтін болса банк жүйесінің ахуалы бұрынғыдан да нашарлай түседі», - делінген хабарламада.
Сарапшылардың пікірінше, теңге девальвацияға ұшырайтын болса кредиттердің сапасы ауыр соққыға ұшырайды. Теңгенің рубльге шаққандағы бағамы нығайды. Бұл Қазақстанға әкелінетін импорт көлемін арттырып, билік 2014 жылдың ақпанындағыдай 20 пайыздық девальвация жасауға мәжбүр болуы мүмкін.
Үкімет консервативті бюджеттік саясат ұстанып отыр. Бірақ, мұнай бағасының төмендеуі салдарынан мемлекет тарапынан қосымша қолдау қажет болуы мүмкін.
Дегенмен, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артуы мүмкін. Өйткені, инвесторлар санкцияға немесе рейтингтің төмендеуіне байланысты Ресей экономикасына қаржы сала алмай отыр.