353-354. Бұл ақша айырбастау орындарында бұрын соңды болмаған көрсеткіш. Әрі тақтадағы доллар бағасы сағат сайын жаңарып жатыр. Теңгенің құнсыздануына жұрттың еті үйренсе керек, ешқандай дүрлігу жоқ. АҚШ ақшасының көтерілуі қалыпты жағдайға айналғандай.
Көк қағаздың аспандауына қара алтын құнының құлдырауы себеп. Мұнай бағасы екі күн бұрын барреліне 32 долларға дейін арзандаған. Ең ірі мұнай өндіруші мемлекеттер Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы кикілжің, жаһандық экономиканың негізгі ойыншысы - Қытай қор биржасындағы акциялардың түсуі, юаннің құнсыздануы теңгеге әсер етпей қоймады. Іргедегі алпауыт елдегі қаржылық тұрақсыздық онсызда шатқаяқтап тұрған әлемдік экономиканы шайқалтып жіберуі мүмкін.
Сергей Смирнов, сарапшы:
-2016 жыл былтырға қарағанда қиын болады. Өйткені, мұнай арзандай береді. Бұл шикізат экспортына тәуелді елдер үшін ауыр соққы екені түсінікті. Сондықтан державалар келісімге келмесе, ауқымды дағдарыс болғалы тұр.
Мұнай мен газдан түскен пайдамен бюджетін жауып отырған Қазақстан үшін де жағдай мәз емес. Басты шикізат экспортына баға еселеп түскендіктен, есеп-қисапты қайта-қайта өзгертуге мәжбүр. Оның үстіне Үкімет 3 жылдың бюджетінде 1АҚШ ақшасын 300 теңгемен белгілеп бекітіп тастағаны бар. Жаһандық геосаяси жағдайдың ушығуы, алып державалардың қақтығысынан соң мұнай 20 долларға арзандауы мүмкін деген әңгіме шындыққа айналып келеді. Бірақ, біздің шенеуніктер алдын-ала қамданып қойдық деп сенімді сөйлеп отыр.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
-Мұнайдың бағасы 30 доллар, 20 долларға түссе де жоспар бар. Сол жоспарды қайта қарап, қандай жаңа шаралар керек, біздің дағдарысқа қарсы бағдарламамызға қандай өзгерістер керек соны қарауға тапсырма алдық. Экономика мен Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп осы жұмыстарды бітіреміз.
Мұнай бағасы 20 долларға төмендесе, бюджет қайта қаралып, ауқымды жобаларға бөлініп қойған қаржылар қысқартылуы мүмкін. Ал күн сайын арзандаған мұнай мен қымбаттап жатқан доллар бағасының қашан тұрақтайтыны белгісіз. Тіпті АҚШ ақшасы жақында 360-370 теңгеге дейін өседі дегенболжамдар айтылып жатыр.
Loading...