Теңге түстен кейін тағы да күрт әлсіреді


Жалпы теңгенің долларға шаққандағы бағамы соңғы екі күнде шамамен 11 теңгеге түсіп кетті. Қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 356 теңгемен 356.50 тиын аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетсек, кеше әлемде Brent маркалы мұнайдың бір баррелі мамыр айының басынан бергі ең төменгі баға - 45 долларға дейін құлдыраған.  Brent маркалы мұнай баррелі шілденің басында 50 доллар шамасында болса,  айдың соңына қарай  44,80 долларға дейін арзандады. Бұл шамамен 11 пайызға тең. Кейбір әлемдік сарапшылар жоғары сапалы мұнай бағасы тағы да түседі деген болжам айтуда.