Хабарламада көрсетілгендей, бұл көрсеткіш нақты тиімді айырбастау бағамы индексінің 34 елдің валюталарына қатысты өзгеруін сипаттайды.
Ведомствоның мәліметінше, 2014 жылдың басы – 2016 жылғы наурыз аралығындағы кезеңде теңге бойынша әлсіреу 27,6%-ды құрады.
2016 жылғы бірінші тоқсанда теңгенің Ресей рубліне қатысты (салыстырмалы бағалардың өзгеруіне түзетілген) әлсіреуі 2,5% болды, ал 2014 жылдың басынан бастап теңгенің нақты әлсіреуі 4,4% болды.
2016 жылғы қаңтар-наурызда долларға қатысты теңгенің әлсіреуі 4,3%, 2014 жылдың басынан бастап — 45,1% құрады.