Теңгенің нығаюы Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық түсімдерінің біршама азаюына апарып соқты

Оның айтуынша, "2004-жыл қорытындысына сәйкес әлемдік мұнай бағасының қымбаттауына байланысты отандық экспорттаушылардың қосымша пайдасының көлемі 5,4 млрд. долларды құрады, соның 2 млрд. доллары теңге бағамының нығаюы салдарынан айырбас кезінде желге ұшты". Жалпы алғанда, экономика министрлігінің бағалауынша, Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының әлемдік бағасы 2004-жылы 34,7 процентке қымбаттады. "Елімізден экспортталатын негізгі тауар түрлеріне дүниежүзінде қолайлы конъюнктураның қалыптасуы экспорт ауқымының артуына әсер еткен басты себепке айналды",- деді вице-министр.

Қ.Әйтекеновтың бағалауынша, "2004-жылы Қазақстан экспортының ақшалай көлемі рекордты көрсеткішке жетіп, 20,3 млрд. долларды құрады. Бұл былтырғыдан 53,7 процентке артық". "Бұл орайда экспорт көлемінің нақты өсімі 12,6 процентке бағаланды",- деді кеңесте ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары.
"Сонымен бірге ішкі сұраныстың үлкен қарқынмен өсуі мен теңге бағамының нығаюы импорт көлемінің анағұрлым артуына алып келді",- деді Қ.Әйтекенов. Оның мәліметіне сүйенсек, "импорт көлемі 2004-жылы 13,3 млрд. долларды құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 47,6 процентке қымбаттады".