Теңіз кен орнында менингит эпидемиясына қарсы шаралар басталды


Бұл жерде менингит ошағы бар деген күдік бар, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні «Теңізшевройл» ЖШС жұмыс істейтін Теңіз кен орнында 1973 жылғы ШҚО азаматы - «Имстальком» ЖШС компаниясының қызметкері қайтыс болды. Тағы бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша қаза болған адамның өліміне менингит себеп болуы мүмкін.