Теңіз кен орнында тағы үш жұмысшыдан коронавирус анықталды


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел штаб мәліметінше, Теңіз кен орнындағы мердігер ұйымдардың қызметкерлері вирус жұқтырған - 1963 және 1999 жылғы ер адамдар мен 1984 жылғы әйел адам.

" COVID-19 анықталғанға ддейін науқастар карантинде жатқан. Олар науқаспен байланыста болған. Науқастардың сараптамалар алынды. Нәтижесінде олардың коронавирус анықталды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Хаттама бойынша ем алып жатыр", - делінген хабарламада.