Теңіз кенішіндегі менингит дертінің қаупі сейілді

«Менингитпен ауырған екінші науқас өзін қалыпты сезінеді. Тіпті сауықты деуге болады. Сондай-ақ онымен байланыста болған және дәрігерлердің бақылауына алынған  өзге үш қызметкер жұмыстарына оралды. Теңіздегі эпидемологиялық бақылау тоқтатылды»,-деп мәлім етті облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау  департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.

Еске сала кетсек, 26 қаңтарда менингит дертінен «Теңізшевройл» ЖШС мердігер компанияларының бір қызметкері көз жұмған еді.