"Жоба жалғасуда, аталмыш жобаның құнын оңтайландыруға және төмендетуге бағытталған шараларды қолға алу жөнінде серiктестермен талқылау жүргiзудемiз. Шешiм биыл қабылдануы тиіс", - дедi министр.
Келешек кеңею жобасы шеңберiнде ұңғыма өнiмдерiн жинақтаудың жаңа жүйесiн, қысымы жоғары нысандарды, инфрақұрылымдық және қосалқы нысандарды салу жоспарланып отыр.
"Оның аясында Теңiз кенішінде қуаттылығы жылына 12 млн. тоннаны құрайтын мұнай өңдейтiн жаңа зауыт және қуаттылығы жылына 9,4 млрд. текше метр болатын шикi газды керi айдайтын нысандарды салу жоспарланып отыр", - деп атап өттi министр.
Оның атап көрсеткенiндей, жобаның iске асуы ТШО-ның жылдық мұнай өндiру көлемiн 26,5 млн. тоннадан 38,6 млн. тоннаға дейiн арттырады.
"Бұл жұмыстарды жүзеге асыру 38 млрд. доллар көлемiнде жоспарлануда", - дедi В.Школьник.