Бұл туралы Энергетика министрі Владимир Школьник «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Қазіргі уақытта бағасын төмендету бойынша аталған жобаны оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың соңында біз бұл жобаны бекітуге шешім қабылдауды оған сараптама жасауды қолға аламыз. Бұл өте рентабельді жоба болуы үшін сатып алу шығындарын барынша азайтып, делдалдарсыз жүзеге асырамыз», - деді В.Школьник.
Еске сала кетейік, «Теңіз» кен орнында 3-ші буын зауыт құрылысын бастау мәселесіне қатысты қуаттылықты арттыру жобасы көтерілген. Бұған дейін аталған жоба құны 20 млрд.доллардан асатыны айтылған.
Жоба біткеннен кейін кен орнында мұнай өндіру жылына 24-тен 36 млн.тоннаға дейін артпақ.