Теңізде жаппай тамақтан уланғандар емдеу мекемелерінен шығарылды

Атырау облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, 3 маусым күнгі мәліметтерге сәйкес жаппай тамақтан уланғандардың барлығы емдеу мекемелерінен шығарылды, жаппай тараған дерт көзі ауыздықталды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 21 мамырда Қазақстандық 40 жұмысшы ("Теңізшевройлдың" (TШО) бірнеше мердігерлік компанияларының қызметкерлері) іш ауруы және құсу белгілерімен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оларға "тамақтан улану" деген диагноз қойылды. Ауырғандардың саны 204 адамға жетіп, 155-і ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы орташа және жеңіл деп бағаланды.

Дерек бойынша облыс әкімінің бұйрығымен арнаулы комиссия құрылды, ол зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оқиғаның себептерін анықтайды. Улану оқиғасы ESS компаниясы қызмет көрсететін жұмысшылар асханасында болған. Ол жерде дайындалған тамақ термостармен 20 шақырым жердегі нысанға жұмысшылар тамақтанатын арнаулы бөлімшеге жеткізіліп келген. Сол күні 450 адам тамақтанған.

ТШО мердігерлік ұйымдарының қызметкерлерінің жаппай тамақтан улану себептерін анықтауға облыстық билік, дәрігерлер, санитарлық дәрігерлер, төтенше жағдайлар қызметі, прокуратура мен ІІД өкілдері қатысуда. Шұғыл тергеу тобы құрылды.