Теңіздегі Аташ кенішінде алғашқы ұңғы 2006-жылғы көктемде бұрғыланады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Аташ кенішіндегі теңіздегі барлау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық байқауда жеңіске жеткен "НЭКФ "Optimum" ЖШС атқарып шықты. Компания озық технология мен жабдықтарды пайдалану негізінде экологиялық стандарттар мен нормаларды қолдану негізінде жүзеге асырды.

Аташ кеніші Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты орталық бөлігінде орналасқан. Учаскенің болжамдық геологиялық қоры 141,7 млн. тонна мұнайға тең. Ал шартты отынмен есептегенде бұл 248,8 млн. тоннаны құрайды.