Теңіздегі "Батыс" шекаралық дивизиясы "Тараз" деп аталатын жаңа кемеге ие болды

К.Әбікеевтің айтуынша, "Тараз" кемесі ҚР ҰҚК Шекара қызметін жабдықтау бағдарламасының аясында "Оралдағы Зенит зауыты" ААҚ-ында жасалған. Кеме пулеметтермен, навигациялық жер серігі жүйесімен және қозғалтқышты басқарудың жетілдірілген жүйесімен жабдықталған. Кемеде 15 адам вахталық тәсілмен жұмыс істейтін болады. "Бұл тек теңіз жағалауындағы күзет шарасына ғана емес, сонымен бірге Каспий қайраңының акваториясын жаппай күзетуге арналған күрделі кеме",- деді капитан. Қазіргі таңда теңіздегі дивизияның осындай 6 кемесі бар.