Теңізге құлаған EgyptAir жолаушыларының денесі табылды


Мерт болғандардың денесі тиелген кеме қазір Александрия қаласына бара жатыр. Кеме мәйіттерді Египет билігіне тапсырып, ұшақ құлаған аймаққа барып, іздеу жұмыстарын жалғастырады.

19 мамырда MS804 рейсімен Парижден Каирге ұшып шыққан ұшақ Египеттің солтүстік жағалауларынан 290 километр қашықтықта апатқа ұшыраған. Ұшақтағы 66 адам түгел мерт болған. Апат себептері әлі күнге дейін белгісіз.