Теңізге шыға алмайтын елдердің конференциясына қатысушылар Алматы іс-шаралар декларациясын бекітуде шиеленісті нүктеге жетті

Оның айтуынша, "Теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің бірегей сұранысын қамтамасыз ету мүддесіне орай әріптестік" деп аталатын іс-шаралардың Алматы бағдарламасының алдын-ала мәтіні қазір дайын болды. Бағдарламада теңізге шыға алмайтын елдерді дамытудың бес түрлі басым бағыттары қарастырылған.

Конференцияның бас хатшысының пікірінше, бұл тұрғыда ең бастысы, әр елдердің саясатын дәйектеу, инфрақұрылымды дамыту, жүктерді рәсімдеу және есепке алудың халықаралық процедураларын жеңілдету әдістерін айқындау, елдерді техникалық қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және мониторинг жүргізу болып табылады.
"Конференция жұмыса аяқталғанға дейін жобасы дайын болатын осынау аса маңызды құжат теңізге шыға алмайтын елдерге қазіргі қиындықтарды жеңуге қолұшын береді дегенге сенім зор",- деп атап көрсетті А.Чоудхури.
"Іс-шаралардың Алматы жоспары тәжірибе жүзінде әжетке жаратуға арналады. Отырыс барысында дәйектелетін ұсыныстар іс жүзінде қолданыс табады деп сенемін",- деді ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов.
Халықаралық бас қосуға дайындық комитетінің отырысына бүгін 64 ел мен 19 халықаралық ұйымның өкілдері қатысуда. Қ.Әбусеитовтың айтуынша, конференцияның өзіне дүниежүзінің 79 елі мен 22 халықаралық ұйымның өкілдері атсалысады деп күтілуде.