Оған қоса ТШО «Қазақ кілемдері мен тоқыма бұйымдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайы топтамасынан» ғылыми каталогын таныстыруды да жоспарлауда.
«ТШО экспозициясы ғылыми-танымдық сипатта. Мерейтойлық көрменің екінші жартысы «Қазақ кілемдері мен тоқыма бұйымдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайы топтамасында» ғылыми каталогтың тұсаукесері ретінде өтеді», - деп хабарланды компанияның баспасөз қызметінен.