«Өңірде мұнай-газ секторының кәсіпорны атмосфераның ластану жағынан көш бастауды жалғастыруда. ТШО-да 5 жылда компания зауыттарында 158 күтпеген жағдай - технологиялық іркіліс орын алған. Қоршаған ортаға жалпы сомасы 44,3 миллиард теңгелік шығын келді. Бұл сот шешімімен расталды. Шығын төленді», - деп хабарлады Атырау облысы экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов.