Tengri Travelsystem компаниясының басшысына іздеу жарияланды


Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті директоры Тимур Дүйсенғалиев хабарлады.
«Іздеу жарияланды, тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді ол.
Т.Дүйсенғалиевтің айтуынша, жұма күні Air Astana әуе компаниясы туристік оператордың кесірінен Түркиядан қайта алмай отырған отандастарымызды елге алып келеді.
Туроператор 3-маусым күні 7-8 млн доллар шығынға ұшырап, қызметін тоқтатқаны туралы мәлімдеген болатын.