Теннис: Первак - ширек финалда

Ксения Первак Австралияның Брисбен қаласындағы турнирде жарыстың ширек финалына шықты, деп хабарлайды «Аламан». Әлемнің 103 ракеткасы саналатын 21 жастағы теннисші алғашқы айналымда әлемнің 10 ракеткасы Каролина Возняцкиді (Дания) жарыстан шығарды - 2:6, 6:3, 7:6

Ал екінші айналымда поляк Урсула Радвансканы еліне қайтарды - 3:6, 6:2, 7:6. Первак енді ширек финалда белоруссиялық Виктория Азаренко мен германиялық Сабина Лисицки жұбының жеңімпазымен кездеседі.