Теннис:Дэвис кубогы жолында Қазақстанның испаниялық қарсыластары белгілі болды

Бұл сында Қазақстан намысын Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Евгений Королев пен Юрий Щукин қорғамақ.

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, бүгінде олардың қарсыластары да белгілі болды. Бастапқыда мәлім болғанындай, Олимпиада ойындарына дайындығына байланысты бұл турнирден Рафаэль Надаль бас тартқан болатын. Сондай-ақ басқа да белді теннисшілер жарыстан қалыс қалды. Осы жолы былтырғы чемпиондар сапынан кортқа Николас Альмагро, Марсель Гранольерс, Хуан Карлос Ферреро және Марк Лопес шықпақ. Соңғысы қадамын енді бастап жүрген теннисші.