Теннистен жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын «Almaty Womens 2011» турнирі басталды

Оны ҚР Теннис федерациясы ұйымдастырып отыр. Жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыс Халықаралық теннис федерациясының күнтізбесіне енген.

14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі бұл дүбірлі додаға биыл Қазақстан, Кыргызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Белорус, Украина және Словакия спортшылары қатысуда. Онда ел намысын Камила Керімбаева, Залина Хайрутдинова, Дарья Бережная мен Анастасия Епешова қорғауда. Жеңімпаздардың есімі 9 сәуірдегі ақтық ойында белгілі болмақ.