"Скрепкалық конвейер №7 пикеттен забой бағытында 9 метр жерге дейін жөнделді. Газ қондырғысы қалыпты. Вакуумдық қондырғы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Конвейерлер іске қосылғаннан кейін зардап шеккендерді іздестіру мақсатында құлаған тау жынысын сыртқа шығару жоспарланып отыр.