"Тентек" шахтасындағы апат салдарынан үйінді астында қалған 5 кеншінің мәйіттері табылды

Барлық мәйіттер сот медициналық сараптама жасалғаннан кейін жерлеу үшін туған туысқандарына беріледі.

Бес мәйіт жұмыс орындарынан 26-24 метр жерден табылған. Естеріңізге сала кетсек, үйінді ұзындығы 100 метрді құраған.

Қазіргі уақытта үйіндіні аршу жұмыстары жалғасуда. Газ жағдайының ахуалы үнемі бақыланып отыр. Забойдағы газ концентрациясы Қауіпсіздік техникасының ережелеріне сай, деп хабарлады құтқарушылар.