"Тентек" шахтасындағы қайғылы оқиғаны болдырмауға болар еді - Қарағанды қаласының тұрғындары

Қарағанды қаласының ғалымдары мен тұрғындары мынаған сенімді: "Арселор Миттал" компаниясына тиесілі шахталардағы барлық ірі апаттар 100% жұмыс берушінің кінәсінен болған. Шахталардағы барлық апаттарды алдын-ала болжап, қорғаныс шараларын жасауға болар еді. Бірақ ақша қуған жұмыс беруші мұндай "ұсақ-түйектерге" бас қатырмауды жөн деп санаған.

Қала тұрғындарының ақпаратына сүйенсек, шахтада соңғы 13 жылда ешқандай ноу-хау, басқаша айтқанда техникалық жаңалық енгізілмеген. Сөйте тұра пайданы 10 есе арттырған. Ғалымдардың айтуынша, бұл үшін компания 2000 жылы кеңестік кезеңнен келе жатқан тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін өзгертуге дейін барған.