Тепловоздардың соқтығысуы салдарынан адам шығыны шығу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалады - прокуратура

Оның айтуынша, қазір оқиға орнына арнайы комиссия жұмыс істеуде. Қызмет бабындағы тексеру жүргізілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, тепловоздар сәрсенбі күні таңертең Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Породная станциясының темір жол өткелінің 112-ші шақырымында болған. Тепловоздар "Шұбаркөл көмір" АҚ-ның иелігінде. Маневрлік тепловоздардың соқтығысуы салдарынан бір тепловоздың жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, оның көмекшісі жарақат салдарынан ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті