Терезеден секірмек болған Көкшетау тұрғыны әйелін соққыға жыққаны үшін ұсталды


Бүгін  облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, өзіне қол салмақ болған ер адам ақыл-есі дұрыстығы тексерілгеннен кейін қамауға алынды.
Осыдан төрт күн бұрын ол тұрғын үйдің сегізінші қабатына шығып алып, егер кішкентай қызын әкелмесе секіремін деп қорқытып, терезе алдында бірнеше сағат отырған болатын. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың келіссөздерінен кейін оны төменге түсіріп алу мүмкін болған.
Анықталғандай, ол жақында әйелін соққыға жыққан, ал әйелі оның үстінен полицияға арыз жазған екен.