Қ.Тоқсейітовтың айтуынша, құрамына ІІМ мен әділет министрілігінің өкілдері қамтылған үкіметтік жұмыс тобы қазір тергеу абақтыларын өткеруге арналған нормативтік құжаттарды дайындап бітірді. Алайда ол тергеу абақталарын қолдан-қолға өткізу жұмысы нақты қалай жүзеге асырылатындығы туралы түсініктеме беруден бас тартты.
Жоспар бойынша, ІІМ әділет министрлігіне тек тергеу абақтыларын ғана табыс етеді. Бүгінде елімізде 19 тергеу абақтысы жұмыс істейді, тағы да екеуі салыну үстінде. Ал ҚР ІІМ-нің қарамағында 225 уақытша тергеу абақтысы қалмақшы.
ҚР ІІМ-нің ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда еліміздегі тергеу абақтыларында 9 мыңнан астам адам отыр.
Уақытша кідіртілгендер мен тұтқындарды қамауда ұстайтын орындарды әділет министрлігінің құзырына беру туралы шешім Қазақстандағы құқық қорғау және пенитенциарлық жүйені одан әрі жаңалау және оны ізгіліктендіру мақсатына сәйкес қабылданған болатын. Қазіргі жағдаймен қылмыстық атқару жүйесі комитеті әділет министрлігінің құзырына өтті.