Террористік топтарға енгісі келетіндер көбінесе теңізге саяхаттаушы лайнерлерді пайдаланып отыр


деп хабарлады АР отставкаға кетіп жатқан Интерполдың бас хатшысы Роберт Нобл.
Оның айтуынша, Сирия мен Иракка жету үшін олар әдетте Түркияны таңдап алады.
Р.Нобл атап өткендей, террористік топтардың әлуетті мүшелері халықаралық әуежайларда деректер базасының бар екендігін біледі, ұшаққа отыра алмайтындықтарын түсінеді. Теңізге саяхаттаушы лайнерлерде ондай база жоқ.
"Олардың, әсіресе Еуропадан шығатындардың әдетте түріктің Измир кемежайына баратындығы туралы мәлімет бар", деді ол.
"Олардың қозғалысын анықтап, өздерін танып алу үшін аймақтар арасында, бүкіл қауіпсіздік қызметтері арасында деректер алмасу базасы ретке қойылуға тиіс", деді Р.Нобл.