Терроризмді насихаттаған Ұлытау тұрғынына сот үкімі шықты

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Комитет мәліметінше Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты тұрғынды осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды.