Терроризмге қарсы қызметке жаңа басшы тағайындалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылдың 16 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы барлау қызметі мен Терроризмге қарсы қызмет басшыларын қызметінен босатты.